Жарма ауданында әскери-спорттық ойындар өтті

307
көрілім

 16-19 қараша күндері Маяковский атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Жас Сарбаз» сыныптары арасында мектепішілік әскери-спорттық ойындары өтті.

Жарыс ережесіне сәйкес «Жас Сарбаз» сыныптарынан жасақталған 9 команда он бір жарыс түрі бойынша бәсекеге түсті.

- Ойындар нәтижесі бойынша ІІІ-орынға «Сұңқар» және «Ақ бөрі» командалары (командирлары Бағдан Кәкімжан және Сайлау Елдос), ІІ-орынға «Жолбарыс» командасы ие болса (командирі Садыков Тамерлан), жарыс жеңімпазы болып «Тұлпар» командасы атанды (командирі Бахты Нұрбек). Жарыстың барлық жүлдегерлері мен жеңімпазы мектеп әкімшілігінің грамота және сыйлықтармен марапатталды, - дейді ұйымдастырушылар.