Жарма ауданында қаржы саласының мамандары марапатталды

333
көрілім

Төл теңгеміздің туған күніне орай өткізілген шараға аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Ұлттық валюта - теңге күні мерекесіне орай, ауданның қаржы саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен салтанатты түрде құттықтадым. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен ұштасып жатқан тарихи оқиғаға байланысты елдің, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының нығаюына өлшеусіз үлес қоса білген қаржыгерлердің мүлтіксіз қызметін атап өттім, - деді Ахметқали Ахашұлы.

Шара барысында ауданның қаржы саласы майталмандарына, ардагерлері мен үздік мамандарға аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары табыс етілді.