Жарма ауданында көше жолдарын жөндеу жұмысы шілде айында аяқталмақ

320
көрілім

Жұмыс барысын аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов қадағалап, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы айдан бастап «Республикалық Омбы-Майқапшағай жолын қайта жаңарту» бағдарламасы аясында Қалбатау ауылындағы  Мұсылманқұлов, Байқошқарұлы, Әлімбетов  көшелерінің жалпы ұзындығы  6 мың  шаршы метрді құрайтын  жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер ұйым - «Жарма тас жолы» ЖШС жұмыстарды шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Аудан орталығындағы Достық көшесінің жолдарын орташа жөндеу шілде айында басталады, жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Одан бөлек, «Жарма тас жолы» ЖШС  «Sinn sin» компаниясымен Абай және Қабанбай көшелерінің 40 мың шаршы метр жолдарына жөндеу жүргізу туралы келісімшарт жасасқан.