Жарма ауданында құс тұмауы қаупімен 130 мыңнан астам үй құсы тіркеуде тұр

7061
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға аудандық аумақтық ауыл шаруашылығы инспекциясы ұжымымен кездесіп, ел аумағында ерекше назарға алынып отырған құс тұмауымен күрес шараларын пысықтадым

– Қазіргі уақытта аудан аумағында 130 мыңнан астам үй құсы тіркеуде тұр. Аталған індет облысымызда тіркелгендіктен мамандарға барынша сақтық шараларын күшейтіп, түсіндірме жұмыстарының аясын кеңейту жөнінде кеңес бердім. Сол сияқты мамандармен көтерілген жекелеген мәселелерді назарыма алдым, – деді Ахметқали Ахашұлы.