Жарма ауданында Мәдениет үйі салынуда

1344
көрілім
Шартты фотосурет

Жарма ауданының Әуезов кентінде Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, Әуезов кентіндегі Мәдениет үйінің құрылысы жобасының жалпы құны 707 234,0 мың теңге. Жоба ауыспалы, былтыр басталған.

- 2020 жылы құрылыс жұмыстарының 80% аяқталып, 607 200,0 мың теңге игерілді. Осы жылы монтаждау және әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландыру жоспары бойынша осы жылға 130 319,0 мың теңге бөлінді (республикалық бюджет – 27 012,0 мың теңге, облыстық бюджет – 103 319,0 мың теңге). Жобаның аяқталу мерзімі – 2021 жылғы желтоқсан айы.

Бұдан бөлек, аталған кентте көше жарығын орнату (барлығы 10 көше – 112 жарықтандыру тірегі) – жобаның жалпы құны 30 000,0 мың теңге (республикалық бюджет – 27 000,0 мың теңге, облыстық бюджет – 3 000,0 мың теңге).

Жұмыстар толық көлемде аяқталған көрінеді.