Жарма ауданында мемлекеттік қызметшілер өзара сайысқа түсті

345
көрілім

Жарма ауданында мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Күн, ауа,  су және спорт -   біздің ең жақсы серігіміз» атты ұранмен өткен сенбі күні ауданның мемлекеттік қызметшілері арасында белсенді туризм бойынша жарыс өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған жарысқа спорт мектебі мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағы қолдау көрсетті.
Жарма ауданы әкімі аппараты мен мәслихатының аппараты, дербес бөлімдер, округ әкімі аппараттарының қызметкерлерінен құралған оннан астам команда Шар су қоймасы жағалауында туристік сайыс түрлері - шатыр жинау және бөлшектеу, командалық эстафета, балық аулау, сондай-ақ музыкалық байқауда сынға түсті.  


Жарыс барысында қатысушылар өздерінің туристік дағдыларын, жергілікті жерде спорттық бағдарлау жөніндегі білімдерін, шығармашылық таланттарын, ептіліктері мен  шыдамдылықтарын  көрсетті.
Іс-шара барысында «Ауыл әкімінің бір күні» жобасында үздік шыққан Әуезов кенті және Белтерек ауылдық округтерінің әкімдеріне сертификаттар тапсырылды.


Таяуда ғана Президент Жарлығымен құрылған Абай облысы әкімінің Құрмет грамотасына ауданынымызда алғашқы болып  Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Назым Сейтказина ие болды.


Төрешілердің бағалауы бойынша бұл күні палатка құруда бірінші орынды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Суықбұлақ және Шалабай округтерінің мемлекеттік қызметкерлері, екінші орынды Қарасу және Бірлік ауылдары және ішкі саясат бөлімінің, үшінші орынды - Жарма ауданының білім бөлімі және Шар қаласы әкімі аппаратының командалары жеңіп алды.

Балық аулауда бірінші орынды қаржы бөлімі, Бірлік ауылдық округі және Жарма кенті, екінші орынды Жарық ауылдық округі мен Әуезов кенті, үшінші орын аудандық құрылыс бөлімі иеленді.


Спорттық эстафетада командалар кедергілерден өту, шырмауық, маятник, тауға шығу және өзеннен өту бойынша жарысты.

Бірінші орынды Қалбатау ауылдық округінің командасы жеңіп алса, екінші орынды Шар қаласы және білім бөлімінің командасы, үшінші орынды Жарма ауданының әкімі және мәслихат аппараты иеленді.

Мәдени сайыста Аршалы, Ақжал, Белтерек, Жарық, Әуезов және Қалбатау ауыдық округтерінің мемлекеттік қызметшілері өз өнерлерін ортаға салды.


Бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілерге аудан басшылығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.