Жарма ауданында оқушыларға Комирнати вакцинасы егілуде

291
көрілім

Жарма аудандық ауруханасында Комирнати вакцинасын егу басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшылығындағылардың айтуынша, екпе салу ата-аналардың келісімімен өткен, вакцинациядан кейінгі жағдайлары жақсы.

- Вакцина салдырған әрбір екпе вирустың жолын бөгеп, коронавирустан болуы мүмкін өлімнен қорғайды. КВИ-ге қарсы егуді қоса алғанда, кез келген профилактикалық егу ата-аналардың вакцинацияға берген ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Сонымен қатар бүгінгі таңда Израиль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина сынды көптеген дамыған елдерде балаларды КВИ қарсы вакцинациялау науқаны басталды.

Баланы егуден бас тарта отырып, ата-ана өз баласын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында және «ҚР-дағы бала құқықтары туралы» заңда айқындалған, Қазақстан Республикасының Конституциясында (29 бап) кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырады және оны вакцинамен басқарылатын инфекциялармен ауыру тәуекеліне ұшыратады. Балаларда коронавирус қаупін мен КВИ-ден кейінгі асқынулардың (Кавасаки синдромы) даму қаупін едәуір арттырады, - делінген мәліметте.