Жарма ауданында полицейлер жол бойында сынып қалған автобус жолаушыларына көмектесті

9230
көрілім
Шартты сурет

Полиция бөлімінің кезекші ауысымына ақпан айының басында аудан тұрғыны хабарласып, Сұлусары ауылы маңындағы «Өскемен-Алматы» автожолының 85 шақырымында автобустың бұзылғанын айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Автобус бұзылған аумаққа дереу барған тәртіп сақшылары жол жиегіне шығып қалған көлікті көріп, бірден көмектесуге тырысты. Автобус салонында 49 жолаушы болған.

– Жүргізушінің айтуынша, Өскемен-Алтай-Ақтоғай бағыты бойынша жолға шыққанда күтпеген жерден автобустың электр бөлігінде гидравликалық жүйенің ақаулығы сыр беріп, салдарынан көлік есіктері жабылмай қалған, - делінген мәліметте.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнына барып, барлық жолаушыларды жақын маңдағы Қалбатау ауылына жеткізді.