Жарма ауданында «Шаңырағымның шаттығы - бақ келінім» сайысы өтті

821
көрілім

Бүгін Жарма ауданың Достық үйі КММ-нің жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығы аясында «Шаңырағымның шаттығы - бақ келінім» атты келіндер сайысы өтті.

Сайыс - ананы қадірлеуді, құнметтеуді насихаттау, отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

VII кезеңнен құралған сайысқа 7 қатысушы бақ сынасты. Сайыс барысында өңірде жиі қолданылмайтын, бірақ әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған салт-дәстүрлерден қойылым көрсетілді. Асыл мұраларымыздың бірі - қазақтың қолөнері ұлықталып, келіндер ұмыт болған тағамдарды дайындап әкелді. Ұлттық ойын - ұлт қазынасы дей келе, ұлттық ойындардан викторина өтті. Сайыстың соңғы кезеңі - Жарма өңіріндегі ұлы есімдердің шығармашылығына арналды. Қатысушылар Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтап, шығармашылығынан үзінді оқыды.

Сайыстың қорытындысы бойынша:

Бас жүлдені - Қапанбұлақ аулдық округінен келген А. Мамырбаева жеңіп алды;

І орын - Жаңғызтөбе кентінен қатысқан А. Оспанбековаға бұйырды;

ІІ орынды - Қалбатау ауылдық округінен А. Заманбекова мен Әуезов кентінен келген Ж. Рабиева өзара бөлісіп алды;

ІІІ орын - Қаратөбе ауылдық округінен келген С. Қожамбердинова, Шар қаласынан келген Е. Тәтібек және Қалбатау ауылдық округінен А. Саржановаға бұйырды.

Бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білген адам болашаққа жауапкершілікпен қарап, еліміздің елдігі үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өседі. Ал сол ұрпақты дүниеге әкелетін де, тәлім-тәрбие беретін де біздің ардақты аналарымыз. Сондықтан, ұлттық құндылықтарымызды берік етіп қалау үшін әр адам аянбай тер төгіп, өз үлесін қосуы тиіс. Ұлттық құндылықтар - ел қорғаны болса, қорғаны мықты елге көз же сөз де өтпейтіні хақ.


 

Бұдан соң азан айының 15 күні Жарма ауданың Достық үйінде «Шаңырағымның шаттығы - бақ келінім» атты келіндер сайысы жалғасын тапты.

Сайыс - ананы қадірлеп, құрметтеуге шақыру, отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

Сайыс барысында өңірде жиі қолданылмайтын, бірақ әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған салт-дәстүрлерден қойылым көрсетілді. Асыл мұраларымыздың бірі - қазақтың қолөнері ұлықталып, келіндер ұмыт болған тағамдарды дайындап әкелді. Ұлттық ойын - ұлт қазынасы дей келе ұлттық ойындардан викторина өтті. Сайыстың соңғы кезеңі - Жарма өңіріндегі ұлы есімдердің шығармашылығына арналды. Қатысушылар Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтап, шығармашылығынан үзінді оқыды.