Жарма ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында елді мекендер қардан тазартылды

531
көрілім

Өңірде қар айрықша қалың жаууына орай әр аудан су тасқынын болдырмау үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Жармалықтар да қазіргі уақытта елді мекендерді қардан тазартқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 – Ауданымыздағы жасанды үлкен Шар және Ортабұлық су қоймаларында болып, жалпы ахуалын аралап көрдім. Шар су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан қоймаға келіп жатқан су транзиттік режимде, яғни кедергісіз су арнасымен ағып жатыр. Ал Ортабұлақ су қоймасының беткі сеңі әлі сөгіле қоймаған. Мамандар жалпы екі қойманың да бүгінгі жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Осыған қарамастан бақылау жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма бердім, – дейді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин өзінің жеке парақшасында.
Аудан басшысы кешенді жұмыстар нәтижесінде елді мекендерді қардан тазарту жұмыстары қазіргі уақытта аяқталғанын алға тартты. Мәлім болғандай, ендігі кезекте аудан аумағындағы су қоймалары назарға алынбақ.