Жарма ауданында Талғат Бигелдиновтың 100 жыл толуына орай деректі фильм көрсетілді

852
көрілім

Аудандық Мәдениет үйіне жиналған көпшілік батырдың бала кезінен, ерен еңбек жасаған көзсіз ерліктеріне дейінгі аралықты тамашалап, бір серпіліп қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақтың текті қыраны деді жиналғандар. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің үйымдастыруымен, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алған ұшқыш жауынгер Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай көрсетілген деректі фильм «Аспанға жол» деп аталады. Іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері және ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамы қатысты.


- Деректі фильм барысында батырдың ерліктері, бала кезінен ұшқыш болуды қалай армандағаны, өмірде табандылық пен еңбекқорлығының арқасында барлығына қол жеткізгені, ерен еңбегі туралы кеңінен насихатталды.  Сондай-ақ жиналғандарға аты аңызға айналған тұлғаның авиациядағы, майдандағы және соғыстан кейінгі  өмір жолы туралы жазылған шығармалар жайындағы кітап көрмесі таныстырылды, - делінген мәліметте.