Жарма ауданында тәртіп сақшылары мен ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды

376
көрілім

Полиция күніне орай Жарма ауданындағы Жастар ресурстық орталығында салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл Қазақстан Полициясының құрылғанына 30 жыл. Бұл күн қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады.


Осы ретте, Жастар ресурстық орталығында салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік шара ҚР-ның Әнұранымен ашылып, қатысушылар бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өмірін құрбан еткен қызметкерлерге 1-минут үнсіздікпен құрмет көрсетіп, еске алды.


Мерекелік шараның алғы сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраев ауданның полиция бөлімі қызметкерлері мен ішкі істер органдары ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Қызмет барысында міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижеге қол жеткізген бір топ қызметкерлерлерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.


Шара соңында көрермендерге аудан көркемөнерпаздары мен полиция қызметкерлері концерттік бағдарламаларын ұсынды.