Жарма ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аймақтық конкурстың аудандық кезеңі өтті

5310
көрілім

Қараша айының 15-16-сы күндері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауданның мектеп командалары арасында «Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау екі айналым бойынша өткізілді.
- 1 айналым-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын білуге арналған зияткерлік конкурс.
 2 айналым-Театрландырылған-сахналық қойылым қою-командалық қатысу.
 Байқауға  13 команда қатысты. Нәтижесі төмендегідей:
І орын- «Маяковский атындағы орта мектебі»КММ
ІІ орын- «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы»КММ
ІІ орын-«Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені»КММ
ІІІ орын-«№236 орта мектебі»КММ
ІІІ орын-«Абай атындағы мектеп-балабақша кешені»КММ
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Маяковский атындағы орта мектебінің командасына облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! - делінген мәліметте.