Жарма ауданында Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына орай ашық сабақ өтті

6665
көрілім

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Т. Көбдіков атындағы орта мектебінде "Ыбырай - дала қоңырауы" тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында танымдық сабақ өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шараның мақсаты Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын оятып, оқушылардың дербес және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік жасайтын жағдай жасау. Апталық барысында: «10 кітап» жобасы аясында ұстаздар арасында «Ыбырай шығармаларының тәрбиелік мәні» тақырыбында педагогикалық оқулар, «Ыбырай әңгімелері» суреттер сайысы, 7-сынып оқушылары  арасында  «Дала қоңырауы»  буктрейлері  мен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Танымдық шараның басы-қасында жүргендер сыныптан тыс іс-шарада балалар алдын ала берілген тапсырма бойынша дайындалып, шығармашылықтарын танытқандарын атап өтті.

- Ыбырай атамыздың өмірі жайлы мәліметтерді атап қана қоймай, ашқан мектептерін, өлеңдері мен "Қазақ хрестоматиясы" еңбегіне ерекше тоқталды. Зерттеу жұмысын жүзеге асырып, белсенділіктерімен көзге түсті, - делінген мәіметте.