Жарма ауданында жалпы құны 12 млрд теңгенің жобасы қолға алынбақ

205
көрілім

Кеңес мүшелерімен мақұлданған жобалар облыстық үйлестіру кеңесіне ұсынылатын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожиннің сөзінше, аталған мәселе аудандық үдемелі индустриялық - инновациялық дамуды Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қаралды.
– Аға буын өкілдерінен бастап түрлі сала мамандарынан құралған комиссия бұл жолы үш бірдей маңызды жобамен танысып, бірауыздан мақұлдады. Атап айтсам, жер мәдениеті мен ет және сүт өндіру ісін кешенді қолға алуға бағытталған «Өрлеу» шаруа қожалығын дамыту, «Холдинг Қазақцемент» ЖШС-ның әк тас өндіру зауыты мен жол құрылысына аса қажет МП 1 миниралды белсендірілген ұнтақ өндіру, сондай-ақ «Чарск Ветер» ЖШС-ның жалпы қуаттылығы 30 МВт-ты құрайтын жел электр станциясы құрылысы жобалары талқыланды. Кеңес мүшелерінің қарауына ұсынылған үш жобада ауданымыздың әлеуметтік, экономикалық даму көрсеткіштеріне үлкен ықпал етпек. Орта есеппен жобалардың жалпы құны 12 млрд теңгеден асып жығылады, – деді деді Ахметқали Ахашұлы.

Белгілі болғандай, бүгінде құрылыс жұмыстары басталған жел электр станциясы жасыл экономика қалыптастырудағы өңірлік екінші жоба болып саналады.