Жарма ауданында жедел ден қою жасағының саптық байқауы өтті

666
көрілім

Қараша айының 11-і күні Жарма ауданында қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындық мақсатында «Қыс-2021» жедел ден қою жасағының саптық байқауы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нақты айтсақ, сайыс азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау мақсатында ұйымдастырылды.

- Саптық байқау кезінде азаматтық қорғау құрылымдары және жедел әрекет ету жасақтарының техникалары, қызметтік міндеттері мен құрал-жабдықтары тексерілді. Сонымен қатар арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді, - делінген мәліметте.