Жарма ауданында «Зымыран-2021» оқу-жаттығуы өтті

966
көрілім

«Зымыран-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ШҚО  Жарма ауданында «Зымыран-2021» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран тасығыштың фрагменттері Жарма ауданының аумағына шартты түрде құлағаны хабарлама келіп түсті.
ТЖ аймағына апатты жедел жою үшін азаматтық қорғау қызметтері келіп жетті. Сонымен қатар аудандық әкімшілікте төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың шұғыл отырысы өткізілді.


Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі зымыран тасығыштың құлау ауданын қоршап тастады. ТЖ аймағынан түскен ауыл тұрғындарын қалыптасқан жағдай туралы сигналдық-дауыс құрылғыларымен жабдықталған автомобильдердің көмегімен хабардар етілді. Тұрғындар мен жануарларды қауіпті аймақтан эвакуациялады. Келген өрт сөндіру бөлімшелері жеке өрт ошақтарын жойды. Жергілікті атқарушы органдар ТЖ аймағында химиялық зақымдану деңгейін анықтау, ошақты газсыздандыру және авария болған аумақты қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырған.
 - Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға жеке құрамнан 34 адам және 10 бірлік техника қатысты. Біздің басты міндетіміз зымыран тасығышпен байланысты ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі қызметтерінің деңгейін арттыру. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша азаматтық қорғау күштері мен жергілікті атқарушы органдар үшін одан әрі міндеттер айқындалды, - деп оқу-жаттығуды Жарма ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ержан Толеуканов қорытындылады.