Жарма ауданындағы спорттық-сауықтыру лагеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

471
көрілім

Қазіргі уақытта Жарма ауданының Жаңаөзен ауылында орналасқан «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагері жөндеуден өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшысы Ахметқали Нұрғожиннің айтуынша, мердігер «Зайсан строй сервис» ЖШС жұмысты наурыз айының cоңында бастап кеткен.

– Жұмыс жобасына сәйкес лагерьдің жатақхана ғимаратына қыздар мен ұлдарға бөлек жуынатын душ және дәретхана жасалуда. Бүгінгі таңда құрылыс жақсы қарқын алған. Жұмыс барысын аралай келе, қосымша жылы еден жүйесін тарту, кір жуатын бөлмені жарақтау ісін пысықтауды тапсырдым. Алдағы уақытта ғимаратқа жылу жүйесі тартылмақ. Балалар бос уақыттарын тиімді өткізу үшін таптырмас бұл орынды кезеңмен қалыпқа келтіріп, жыл бойына жұмыс істеуін қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, – деді аудан әкімі.