Жарма ауданының "Айгөлек" балабақшасы республикалық онлайн-байқауда марапатқа ие болды

293
көрілім
Шартты фотосурет

«Qazaqstan Education» оқу орындары басшыларының қауымдастығы өткізген КҚ жалпы білім беретін мектептер лицейлер, гимназиялар, сондай-ақ мамандандырылған мектептер арасындағы «Үздік балабақша – 2021» атағына арналған республикалық онлайн – байқауында Жарма ауданының балабақшасы жоғары нәтиже көрсетті.

Шараның мақсаты мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңартуға, мектепке дейінгі мекемелер қызметінің тиімділігін арттыруға, жаңа білім беру стандарттары жағдайында мектепке дейінгі білім берудің заманауи сапасына қол жеткізуге жәрдемдесу.

Байқауға Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің КМҚК «Айгөлек» балабақшасы қатысып, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесі» тақырыбында конкурстық материал ұсынылды. Байқаудың ІІ кезеңінен өтіп, нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының «Айгөлек балабақшасы» «Республикалық үздік балабақшасы - 2021» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында «Қазақстан Республикасының Үздік ауылдық балабақшасы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификат берілді. «Qazaqstan Education» білім беру мекемелері басшыларының қауымдастығы балабақшаның меңгерушісі Алтыншаш Узбековаға Алғыс хат жолдады.