Жарма ауданының елді мекендерінде абаттандыру жүргізілуде

390
көрілім

ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин 4 елді мекен мен аудан орталығын абаттандыру мақсатында бюджеттен 140 миллион теңге қаржы бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қалбатау ауылында 4 шағын футбол алаңы, 4 көше бойындағы жаттығу алаңдары (Street workout) мен 1 балалар ойын алаңы орнатылды. Шар қаласына және Жаңғызтөбе мен Әуезов кенттерінде 30 миллион теңгеге көше бойындағы жаттығу алаңдары (Street workout) салынды.
Соған қоса, Шар қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары басталды. Ол жерде тұрғындар тегін жаттығумен айналыса алады.
- Өкінішке қарай, 8 мың тұрғыны бар Шар қаласында осы уақытқа дейін жабадықталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені болмаған. Жоба-сметалық құжаттары дайын болды, бірақ жұмыс басталмады. Сондықтан біз биыл 55 миллион теңгені осы мақсатқа бөлдік. Қазіргі уақытта жұмыс басталып кетті. Мердігерлер тұрғындар фитнеспен және ауыр атлетикамен айналысу үшін 300 шаршы метр жертөлеге спорт залын салу туралы ұсыныс білдірді.  Сонымен қатар бокс үйірмесі де ашылады, - дейді Ахметқали Нұрғожин.