Жарма ауданының Қызылағаш ауылына қоныстанушылар тартылуда

625
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Биыл күрделі жөндеуден өткен жергілікті мектептің жұмыс сапасын аралап көрдім. Штаттық режимде жұмыс жасап отырған білім ордасында уақыт талабына сай оқушылар мен ұстаздарға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар мұндағы шағын орталық та тұрақты жұмыс істеп тұр. Сол сияқты жөндеу жұмыстары барысында интернат бөлімі де қарастырылған. Бүгінгі таңда мектеп ұжымы мен жергілікті әкімдік ауылға тұрғындар тарту жұмыстарын қолға алып, нәтижесінде екі бірдей отбасы ауылға қоныс тепкен, – деді аудан басшысы.