Жарма ауданының Қызылағаш ауылындағы ғаламтор мәселесі 2020 жылы шешімін таппайтын сияқты

449
көрілім
Шартты фотосурет

Өткен жылы желтоқсанның 5-і күні облыс орталығында өткен жиында аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин аталмыш ауылда ғаламтор мәселесі 2020 жылы шешіледі деген болатын. Алайда биыл да «Баяғы жартас – сол жартастың» кері болайын деп тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Ернар Бексұлтанов сайт редакциясына берген сұраухат жауабында Қызылағаш ауылы туралы бірде-бір сөйлем жазылмаған. Қызылағаштықтар өткен жылдың күзінде ғаламтор желісінің мүлде жоқтығын әрі радиобайланысының нашарлығын айтып, шағымданған болатын. Осы мәселе бойынша қойған сұрағымызға аудан басшысы Ахметқали Ахашұлы: «Қызылағаш аудан орталығынан шалғайда жатқан ауыл. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен келісімшарт орнаттық. Енді аталған ауылда ғаламтор желісі мәселесі келер жылы шешімін табады» деген еді. Дегенмен 2020 жылға құрылған жоспарға көз жүгіртсек, Бірлік, Қарасу және Қаратөбе ауылдық округтерінде ғана интернет жылдамдықтарын арттыру жоспарланған.

Нұрбек АСҚАРОВ