Жарма ауданының орталығында су беру уақытша тоқтатылды

325
көрілім

Су құбырындағы ақаулықтарға байланысты Қалбатау ауылында су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қызмет көрсетуші «Жарма су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тарапынан таңғы сағат 9-дан бастап су құбыры желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


- Қуаттылығы 10 текше метрлік сорғы 40 текше метрлік сорғыға  ауыстырылуда. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл жұмысқа қажетті техникалар мен мамандар тартылды. Қазіргі уақытта құбыр іске қосылып, пәтерлерге су жеткізілуде, - делінген аудан әкімдігі таратқан мәліметте.