Жарма ауданының Шуақ ауылында жылу қазандығы жөндеуден өтті

579
көрілім

Бұл туралы ауылға арнайы барған аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Жұмыс сапарыммен Шуақ ауылына барып, ауылды тұтастай жылумен қамтамасыз етіп отырған жылу қазандығының дайындығымен таныстым. Бүгінгі таңда қазандықтың ағымдағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталған. Мамандар жылыту маусымына әзір екендіктерін айтуда. Яғни, қажетті қатты отын қоры жасақталып, жылу қазандығының жұмысын қамтамасыз ететін барлық құрылғылар тексерістен өткен. Қазіргі уақытта қазандықтың басқару жүйелері орналасқан бөлмелерді тиімді пайдалануға бағытталған ішкі құрылыстар жүруде, – деді аудан басшыс.