Жарма өңірі «Бақыршық» кен орнындағы жұмысшылардың санын 700-ге дейін көбейту көзделуде

1005
көрілім

Тарихы бар әйгілі Бақыршық және Большевик кен орындарын біріктіретін «Қызыл» жобасы Әуезов кентінің тұрғындарын жұмыспен қамти бастады. Бұл жөнінде Бұқара.кз сайтының тілшісіне «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС директоры Юрий Овчинников айтып берді.

«Қызыл» жобасын аталмыш кәсіпорынның 2014 жылдан бастап қолға алғаны белгілі. Бүгінде жұмысы жандана бастаған кен орнында 600 шақты адам жұмыс ашса, оның 40 пайызын бақыршықтықтар құрайды.

Біз осы маңда орналасқан Әуезов кенті мен Шалабай ауылының тұрғындарын толықтай жұмыспен қамтымақпыз, – дейді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС директоры Юрий Овчинников. – Қазіргі уақытта кәсіпорында 590 адам жұмыс істеуде. Ал 2019 жылы жұмысшылар санын 700-ден асыру көзделуде.

Кәсіпорын жұмысын бастағаннан бергі екі жыл уақытта облыс және Жарма ауданы әкімдіктерімен бекітілген әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық Меморандумдары аясында 1,74 млрд теңге көлемінде инвестиция жасап үлгерді. Оның ішінде ірі әлеуметтік маңызы бар жоба Әуезов кентіндегі «Аққу» балабақшасын қайта жөндеп, жарақтандыру болды. Компания өз есебінен 240 миллион теңге қаржы бөліп 20 жылдан астам уақыт қаңырап қалған аталмыш нысанды қалпына келтірді.

Алдағы уақытта Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны Шалабай ауылы мен Солнечный кентінің арасындағы автожолға екі автобус аялдамасын салып, Әуезов кентіндегі дәрігерлік амбулаторияның екінші қабатын, ауылдық әкімдіктің мәжіліс залын, „Арман„ ауылдық клубы мен орталық саябақты қайта қалпына келтірмек.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ