Жармалық диқандар көктемгі егіс науқанына әзір

672
көрілім

Қазіргі уақытта өңірлік диқандар мен шаруашылық құрылымдары дайындық жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожиннің сөзінше, мемлекет тарапынан бөлінген қажетті арзандатылған отынмен қамту шаралары да жүйелі түрде жүрігізілуде.

– Округте жұмысын соңғы екі жылда жандандырып келе жатқан «Алтын қазан и К» ЖШС-ға барып, егістік алқаптарын игеру барысымен таныстым. Шаруашылық бүгінгі таңда егістік жерлерінде ылғалды сақтау шараларын жүзеге асыруда екен. Күн райы тұрақталған соң егістікті игеру жұмысы басталмақ. Оған қажетті жағар май мен 6 бірдей К-700 және 9 МТЗ тракторлары дайын тұр. Серіктестіктің болашақ жоспарлары да ауқымды. Соңғы екі жыл ішінде 240 млн. теңге инвестиция тартқан, – дейді Ахметқали Ахашұлы.