Жармалық палуан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

235
көрілім

Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында еркін күрестен өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жармалық Нұржан Ашимжанов 2 орынды иеленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімдігі Қапанбұлақ ауылының тумасын үздік нәтижесімен құттықтап, мұны жарқын жеңісінің тек алды екендігіне сенім білдірді.
 - Алпауыт мемлекеттердің спортшылары бақ сынасқан боз кілем бәсекесінде жас балуанның топ жаруы біз үшін күтпеген жаңалық болды. Кез келген спортшыға бұйыра бермейтін бұл үлкен жетістік - ауданымыз үшін зор мақтаныш. Жас балуанның жаттықтырушысы Мағжан Матанов та Жарма ауданының тумасы, - делінген мәліметте.
Ел қоржынына күміс жүлде әкелген жас палуанға және оның бапкеріне еңбектеріңіз жемісті болсын, алда да биік тұғырлардан көріне беріңіздер дейміз.