Жармалық палуан жетінші орынға жайғасты

443
көрілім
Фотосурет еліміздің күрес түрлері федерациясының ресми парақшасынан

Жерлесіміз Расул Қалиев соңғы қатысқан халықаралық жарыстан кейін өз салмағында әлемдік рейтингте жетінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қуаныштысы сол, Біріккен Күрес Әлемінің жаңартылған рейтингісі бойынша тұңғыш рет ұлттық құрама сапындағы сегіз спортшымыз үздік ондыққа енген. Ұпайлар қалай беріледі десеңіздер, әлемдік мамандар палуандардың Әлем, Азия чемпионаттары мен рейтингілік турнирлерде көрсеткен нәтижелеріне қарай бағаланады.

Жармалық Расул Қалиев те (61 келі) беделді турнирлерде тұрақты нәтиже көрсетуіне қарай жетінші орынға жайғасқан. Еншісінде – 18 ұпай. Айта кетейік, бұл тізім Италияның Сассари қаласында өткен рейтингілік турнирден кейін жасалды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ