Жармалық ұстаз үздіктер қатарында

395
көрілім

Қазан айының 28-і күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен республикалық рухани-адамгершілік білім беру кеңесінің XV отырысы ұйымдастырылды.
 Кеңес отырысында 2021 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен тағайындалған «МЕЙІРІМ-ӘЛЕМГЕ МАХАБАТПЕН» медалінің  марапаттау рәсімі өтті. Медаль оқушылар бойында жоғары рухани құндылықтарды жеке үлгісімен ашатын, әлемге және қоғамға қызмет етуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға белсенді қатысып, балалар мен жастардың адамгершілік-рухани білім алуына елеулі үлес қосқан мұғалімдерге тапсырылды. Бұдан бөлек, осы медальмен бірге "Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі" атағы берілді.

- Аталған медальмен Жарма ауданы бойынша Маяковский атындағы орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Тагиева Индира Таваккул-кызы  марапатталды. Марапаттау рәсімінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерге арнап құттықтау сөз сөйлеп, «Өзін-өзі тану»  РАББ бағдарламасын жүзеге асыру, тәрбиелеу  мен оқыту жүйесі сапасының басты критерийі  мұғалімнің  кәсібилігімен анықталатын өзін-өзі тану сабағы болып саналатынын атап өтті, - делінген мәліметте.