Жарық – жаңа бағамен!

487
көрілім

«Шығысэнерготрейд» ЖШС ресми сайтында 2018 жылдың 4 қаңтарынан бастап электр энергиясының жаңа бағалары туралы ақпарат жария болды. Бағаның өсімі барлық санаттағы тұтынушыларға бірдей.

Естеріңізге салсақ, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті «Шығысэнерготрейдтің» орташа беру тарифін бес пайызға өсіруге рұқсат берген болатын. Енді шығысқазақстандықтар электр энергиясын жаңа бағамен төлейтін болады.

Қоса кетсек, қарапайым тұтынушылар тарифі электр энергиясының тұтыну көлеміне байланысты және де ол бірнеше сатыға бөлінеді (кестені қараңыз).

Тарификация түрі

Критерийлері

Лимит бойынша тұтыну нормасы,

1 адамға деген кВт/сағ

Лимит деңгейі бойынша 1 кВт/сағ тарифі, теңгемен

Тұтыну көлемі бойынша сараланған тариф

Тұрмыстық тұтынушылар, жеке тұлғалар

Газ плитасымен

1 деңгей

85

10,190

2 деңгей

85-тен 165-ке дейін

13,971

3 деңгей

165-тен жоғары

17,464

Электр плитасымен

1 деңгей

90

10,190

2 деңгей

90-нан 170-ке дейін

13,971

3 деңгей

170-тен жоғары

17,464

— Жеке тұратын зейнеткерлер

-Мүгедектер

— ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілгендер

санатына жататын тұрмыстық тұтынушылар, жеке тұлғалар

Газ плитасымен

1 деңгей

120

10,190

2 деңгей

120-дан 165-ке дейін

13,971

3 деңгей

165-тен жоғары

17,464

Электр плитасымен

1 деңгей

120

10,190

2 деңгей

120-дан 170-ке дейін

13,971

3 деңгей

170-тен жоғары

17,464