Жасқа шектеу жоқ

610
көрілім

Жасы 58-ден асқан азаматтарға арналған би, жүзу және компьютерлік курстар жайлы

Зейнеткерге жаңа дүниелерді оқып-білген жөн бе? Бос уақытын қайда өткізуіне болады? Ұсыныстар да аз емес. Осыған орай бүгінгі мақаланы түрлі қызығушылықтары бойынша ермек табуды аңсаған облыс орталығының егде жастағы тұрғындарына арнамақпыз. Бақша егудің қыр-сырын үйреніп, ақындықты аңсап, би билеуге аңсары ауған, тіпті егде жаста жақсы физикалық дене қалпын сақтағысы келгендердің қай жерлерде жиналатыны жайын біздің мақаламыздан білетін боласыздар.

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасы

Жігіт ағасы жасынан асқандардың "Достар арасында" клубы

Мұнда зейнеткерлер жиналып, түрлі тақырыптық жұмыстар атқарады: өлең жазып, оны талқылайды, би билейді, ән айтады, түрлі театралды қойылымдар қойып, мерекелерді бірге өткізеді.

Кездесу аралығы және уақыты: аптасына бір рет, әр бейсенбі күні сағат 14.00-де.

Кітап оқуды сүйетіндердің "PRO-чтение" клубы

Бұл клубта өмірлерін кітапсыз өткізе алмайтын адамдар жиналады. Клубтағы кездесулерде зейнеткерлер жаңадан жарық көрген әдеби кітаптар жайлы естіп, оқыған кітаптарын талқылайды. Бұл клубтың өз жетекшісі де бар — ол кітапхана қызметкері.

Кездесу аралығы және уақыты: Аптасына бір рет, әр сенбі немесе жексенбі күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

"ІТ-киіз үй" компьютерге үйрету курсы

Компьютерді меңгерудің алғышарттарын қалыптастырып, Word, Excel, PowerPoint базалық бағдарламалары үйретіледі. Сонымен қатар зейнеткерлер ғаламтор мен әлеуметтік желілерді қолдануға машықтанады. Сондай-ақ соңғы кездері кейбір мемлекеттік қызметті үйден алуға қолайлы электронды үкіметті қолдануға үйрететін жеке курс та бар.

Курстардың жүргізілу кестесін жекелеген түрде барып білуге болады.

Курстар тегін оқытылады.

Басты қойылатын талап: кітапхананың оқырманы болуыңыз керек.

Тіл үйренушілерге арналған курстар

Ересек тұрғындар арасында қазақ тілін үйренемін деушілер болса, тегін курстарға тыңдаушылар жинақталуда.

Курстардың өткізілу уақыты: аптасына екі рет, алайда сабақ кестесін нақтылап білген жөн.

Оқыту бағасы: тегін.

Міндетті талап: қолыңызда оқырман билеті болуы керек.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102 үй.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 26-13-33

Орталық қалалық кітапхана

Өткен кезеңді аңсайтындар клубы

Өткен кезеңнің есте қаларлық оқиғаларын еске түсіріп, өңірдің атақты адамдары жайлы білуде таптырмайтын клуб. Кездесулерге түрлі саланың мамандары, мұражай қызметкерлері мен сарапшылар шақырылады. Әр кездесу соңы көңілді ән кешіне айналады.

Кездесу аралығы және уақыты: әр айдың екінші сәрсенбісінде саған 14.00-де.

Деректі фильмдерді жақсы көретіндер клубы

Клуб жақында ғана ашылғандықтан кез-келген келем деушілерді құшақ жая қарсы алады. Кездесулер барысында деректі фильмдер көрсетіліп, соңы кинокартинаны талқылауға ұласады.

Кездесу аралығы және уақыты: әр айдың бірінші және үшінші сейсенбісі, сағат 14.00-де.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Славский жағалауы көшесі, 22 үй.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 25-03-64

2 Қалалық кітапхана

Бау-бақша отырғызуды ұнататындардың "Ғанибет" клубы

Мұнда саяжайларында жасыл желекті жайқалтуды ұнататындар жиналады. Кездесулерге агроном мамандар, тәжірибелі бағбандар шақырылып, олар өз құпияларымен және қызықты болжамдарымен бөліседі. Кітапхана клуб мүшелері үшін бау-бақшаға арналған әдебиеттердің көп түрін жаздырып алады. Клуб мүшелеріне дақылдардың жаңа түрлері, оларды күтіп-баптау жайлы видеотүсірілмдер көрсетіледі. Бақша өсірушілер өздерінің тәжірибелерімен бөліседі.

Кездесу аралығы және уақыты: әр айдың екінші сенбісі күні сағат 10.00-де.

"Шахмат ойнайық" клубы

Шахмат ойнауды жақсы көретін зейнеткерлерге арналған клуб. Мұнда күн сайын (дүйсенбіден басқа күндері) сағат 14.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта келуге болады.

"Зарянка" әдеби-музыкалық клубы

Мұнда өлең айтуды, би билеуді, музыкалық аспаптарда ойнауды ұнататындар және өлең жаза алатындар жиналады. Түрлі тақырыптық кештер ұйымдастырылады.

Кездесу уақыты: Айына бір рет. Кездесу уақытын нақтылап алған жөн.

"Дойбы — бұл өте қызықты" клубы

Мұнда балалармен қатар ересектер де дойбы ойнап үйренеді. Сабақты арнайы дипломы бар жаттықтырушы жүргізеді.

Кездесу аралығы және уақыты: аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі күндері) сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін.

Кітапхана мекен-жайы: Өскемен қаласы, Гагарин бульвары, 24 үй.

Анықтама телефондары: 8 (7232) 78-20-77, 8-705-417-13-46

"Алтын жас" белсенді зейнеткерлер клубы

Клубта төмендегідей жұмыстар жүргізіледі: йога, үстел теннисі, компьютер курстары, ми гимнастикасы (қартаюды тоқтатып, есте сақтау қабілетін жақсартады), зияткерлік ойындар, би және сурет салу. Күн сайын жоғарыда көрсетілгендердің үш бағыты бойынша курстар жүргізіледі. Олардың жүргізілу кестесін "Одноклассники" әлеуметтік желісіндегі ok.ru/klubzolo парақшасынан көруге болады. Егде жастағы адамдар бірден үш курсына, не болмаса таңдаған біреуіне немесе екеуіне қатысуына болады. Клуб жазғы бақша жұмыстары тоқтаған соң басталады: 1 қазаннан 26 сәуірге дейін.

Кездесу аралығы және уақыты: күн сайын сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін. Әр сабақ шамамен бір сағатқа созылып, ортасында кіші гірім үзіліс болады.

Кіру: 400 теңге.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киров көшесі, 7 үй ("Спутник" балалар-жасөспірімдер клубының жертөле бөлігі).

Достық үйі

Қалалық ардагерлер кеңесі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізумен айналысады, әр жексенбі сайын би кештері ұйымдастырылады.

Кездесу аралығы және уақыты: әр аптаның жексенбі күндері сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін.

Кіру: келем деушілер үшін тегін.

Мекен-жайы: бұрынғы Металлургтер мәдениет сарайы (ДКМ).

Анықтама телефондары: 8 (7232) 74-22-36, 8-777-062-63-50

"Protozanovskiy" спорт кешені, жүзу бассейні

Денсаулық топтары ұйымдастырылған. Мұнда түрлі оталар жасатып, жарақаттар алған адамдар сауығу үшін келеді. Сондай-ақ бұл мекемеге барлық жастағы зейнеткерлер де келе алады. Бассейнге келу үшін дематолог маманның анықтамасын алу қажет.

Кездесу аралығы және уақыты: аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі күндері) сағат 11.00-де.

Бағасы: айына 8 000 теңге.

Мекен-жайы: Протозанов көшесі, 97/3 үй.

Анықтама телефондары: 8 (7232) 78-59-51, 8-771-352-23-80.

Мәдениет пен тілдерді қайта жаңғырту мектебі

Мұнда иврит, қазақ, орыс, ағылшын, неміс, кәріс, түрік, армян, әзірбайжан, татар, шешен, белорус және украин тілдері оқытылады.

Кездесу аралығы және уақыты: аптасына бір рет (екі сағаттан) өткізіледі. Сабақ кестесін анықтап алған жөн.

Оқыту тегін.

Мекен-жайы: Протозанов көшесі, 37а үйі.

Анықтама телефондары: 29-55-35, 8-771-436-27-27

Қалалық ақсақалдар алқасы

Аталмыш ұйым мүшелері өздерінің әдеттегі қоғамдық жұмыстарынан бөлек, арнайы бөлінген жерде шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындарын ойнап, бос уақытты көңілді өткізуге көмек көрсетеді.

Кездесу аралығы және уақыты: күн сайын сағат 10.00-ден бастап 16.00-ге дейінгі аралықта.

Кіру тегін.

Мекен-жайы: "Достық" базарының іргесіндегі ғимараттың жертөле бөлігі.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ