Жасұлан Сәрсебаев: Әлеуметтік қызмет көрсетілгенде күдік пен күмән де көбейді

363
көрілім

Жауапты тұлға әр салада сыбайластықтың жолын бөгеу басты жайттардың бірі екендігін атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасының басшысы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде сауалдар легі қарша борағанын баса айтты. Әлеуметтік желілер мен ресми хаттар арқылы үздіксіз пікірлер жазылған. Дегенмен басқарма өкілдері мұның шешімін тауып, қазір соны оңтайландыра түскен.
- Әлеуметтік көмек көрсетуде бармақ бастылық байқалған сәттер де болған. Айталық, дүкенге барып қажет азық-түлікті толыққанды сатып алып бермей, я болмаса басқа қызмет түрлері. Шын айтсақ, көмек көрсету барысында сұрақтармен қатар, күдік пен күмән де көбейді. Осы уақытқа дейін облыс көлемінде 1152 адамға әлеуметтік жағынан қолұшы созылды. "Интерактивті платформа" қосымшасында шалғайдағы ауылдарда байланыс болмай қалу жағдайы да ескерілген, - деді Жасұлан Сәрсебаев.