Жай түсті

589
көрілім

Семейде жер үйдің ауласында ойнап жүрген бала жай түсіп, мерт болды.

Семей қаласы Чекоман кентінде нөсерлеп жауған жаңбырдан кейін найзағай ойнап, оқыс оқиға орын алды. Жер үй аулаларының бірінде жүрген 16 жастағы жасөспірімге жай түскен. Осының салдарынан ауыр жарақат алған бозбала сол жерде көз жұмды.

Жай түсу оқиғасы көбіне Шығыс Қазақстанда тіркеледі. Әсіресе иен далада жүретін малшылар найзағайдан жиі зардап шегеді.

Табиғат тосын мінез танытып күн күркіреп, найзағай ойнаса жабық орындарға қарай барған дұрыс. Найзағай оты бірінші кезекте биік ағаштарға түсетіндіктен, талдың түбіне тығылмау қажет.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ