Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан ер адам жүрегі қысылып, құлап қалған

289
көрілім

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бұл оқиғаның апатқа қатысы жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылында (облыстық Полиция департаментінің аймағында) орын алған оқиғаның бейнероликтері әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан ер адам жаяу жүргіншілер өткелінде жатқаны, ал жанында автокөлік тұрғаны көрінеді.

Видеоның авторы ер адамды қағып кетті деп болжаған.

- Ер адамның жүрегі қысылып, құлаған. Жанында тұрған автокөлік жүргізушілері тоқтап, оған көмектесті. Жәбірленуші бірден бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.