Жазаға тартылды

29
көрілім

Катонқарағай аудандық ветеринария қызметі тарапынан ауылшаруашылығы жануарларының ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз етпеген бірнеше жауапты тұлға жазаға тартылып, жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ауылшаруашылығы министрілігінің хабарлауынша, Катонқарағай ауданындағы бірнеше лауазымды тұлғаға келесідегідей тәртіптік жазалау шаралары қолданылған: аудандық ветеринария бөлімінің басшысы мен Солоновка ауылдық ветеринариялық пунктінің меңгерушісі жұмыс орындарынан босатылып, „Катонқарағай аудандық ветеринария қызметі„ РММ директорына қатаң сөгіс жарияланды.

Естеріңзге салсақ, Катонқарағай ауданының Кіші Нарын ауылында сібір жарасы дертінің шығуына орай карантин жарияланған болатын. Аталмыш дерттен 21 қыркүйек күні 47 жастағы ауыл тұрғыны көз жұмған еді. Ол көз жұмардан бірнеше апта бұрын ауласында қауіпті дертке шалдыққан бұзауды сойған болатын.

Ерлен ОСМАНОВ