Жеңілдіктер жасалады

283
көрілім

Мемлекет педагогикалық жоғарғы оқу орындарының түлектерін ауыл-аймаққа тартуды ойластыруда. Ол үшін жастарға бірқатар жеңілдіктер жасалған. Педагог кадрлардың жетіспеушілігі осылайша шешімін таппақ.

Педагог тапшылығы бүкіл ел көлемінде бар мәселе. Бұл әсіресе ауылды жерлерде байқалады. Жас мамандарды бірреттік көтермелеу ақысын беру және баспананы несиеге алу мүмкіндігі арқылы тартуды көздейді. Сонымен қатар, оларға базалық лауазымдық жалақыдан бөлек қосымша 25 пайыз үстемақы төлеу де көзделген. Бұл жөнінде ШҚО Кәсіподақтар бірлестігіне ресми хатпен жауап берген Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.

Ерлен ОСМАНОВ