Жәрмеңкеге келіңіздер!

432
көрілім

Алдағы сенбіде облыс орталығында екі бірдей ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Өскемен қаласындағы «Freshmarket» фермерлік гастрономында және Достық үйі ғимаратының (бұрынғы Металлургтер мәдениет сарайы) алдында өтетін жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни шілде айының 21-і күні сағат 9:00-де басталады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ