Жәрмеңкеге келіңіздер!

259
көрілім

Алдағы сенбіде облыс орталығында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Өскемен қаласындағы Достық үйі ғимаратының (бұрынғы Металлургтер мәдениет сарайы) алдында өтетін жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни қазан айының 20-ы күні сағат 9:00-де басталады.

Ерлен ОСМАНОВ