Жәрмеңкеге келіңіздер!

339
көрілім

27 қазан күні Өскемен қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жаңа орында өткізіледі.

Сенбілік жәрмеңкені Альшемали сауда үйі ауданында ұйымдастыру жоспарланып отыр.

– 27 қазанда Мызы,16/1 мекенжайындағы Альшемали сауда үйі аумағында 8.00-ден 15.00-аралығында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді», - деп хабарлады Өскемен қаласының әкімдігі, - Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, көкөніс саудаланбақ. Тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерге тегін сауда орындары берілді.

Жәрмеңкеде өз өнімдеріңізді ұсынғыңыз келсе, 26 қазанға дейін Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөліміне хабарласыңыз (Киров көшесі, 33, 1 қабат, қосымша ақпарат алу үшін 24-39-86 телефон нөміріне қоңырау шала аласыз).

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ