Жиі қойылады

303
көрілім

Өскемен қаласында жаңа туған нәрестелерге қойылатын ерекше танымал есімдер белгілі болды, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.

Биылғы жылы облыс орталығында 4633 сәби дүниеге келсе, олардың 2183-і кесте тігер, ал 2450-і ас ұстар болды.

Соңғы уақытта ата-аналар балаларына ерекше есім беруге тырысатыны белглі. Осыдан болар, соңғы кездері қазақ ұлтының өкілдері қыз балаларына Мадина, Кәусар, Іңкәр, Сезім, ал ұлдарына Сұлтан, Нұрәлі, Батырхан есімдерін қоятыны. Орыс ұлтының арасында ең танымал болған қыз бала есімдері — Ангелина, Василиса болса, ұлдарына Михаил, Ярослав және Богдан есімдерін жиі қойған. Бұл жөнінде Өскемен қалалық Азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі хабарлады.

Ерлен ОСМАНОВ