Жол апатынан зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысы төленеді

4531
көрілім

Автожолдарда түрлі дәрежедегі жол апаттары орын алып жатады. Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бәрі бірдей аман қалмайды, кейбіреулері денсаулықтарымен, енді бірі өмірлерімен қош айтысады.

Әрине, заң олардың өмірін немесе денсаулығын қайтарып бере алмайды, дегенмен "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" ҚР Заңымен ЖКО салдарынан зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысын төлеу қарастырылған.
- Жоғарыда аталған заңнаманы білмегендіктен көптеген жәбірленушілер тиісті өтемақы ала алмай жүр. Ал жосықсыз азаматтар заңгерлік көмек көрсету кезінде жәбірленушілердің білмегендіктерін қолданып, өздері пайда көріп отырады. Заңның 24-бабына сәйкес адам қайтыс болған жағдайда төлемдердің шекті көлемі 2 мың АЕК (6 360 000 теңге), ал мүгедектік туындаған кезде 0,5 - тен 1,6 АЕК-ке дейін құрайды, - деп атап өтті ШҚО полиция департаменті анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Арман Үмітов.
 Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес белгіленген сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне арналған айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
Жәбірленушілердің, соның ішінде ауыр жарақат алғандардың және ЖКО кезінде мерт болғандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ІІМ-нің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан еліміздің барлық тұрғындары өздерінің заңды құқықтарын білуі және көзделген сақтандыру өтемақыларын алуы тиіс.