Жол белгілері орнатыла ма?

717
көрілім
Шартты фотосурет

«Өскемен-Самар» тасжолына шығаберіске жұмысшылар жаңа асфальт төсеп қойыпты. Бірақ осы аумақта бір де бір жол белгісі жоқ, екі жолақты бөліп тұратын таңба да сызылмаған. Бірнеше күн бұрын сол жерде келе жатқанымда дәл алдымда сағатына 30 шақырымдық жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігін озып кеттім. Кенет мені жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, қарсы бағытқа шығып кеткенімді айтты. Ешқандай таңба сызылмағандығын айтып, өз құқығымды қорғай алдым. Білгім келетіні, қашан осы жерге жол белгілері қойылып, таңба сызылады?

Қалқаман

Бұл сауалыңызға Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді:

– Самсоновка ауылындағы Самар тасжолындағы жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлері жол учаскесіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне аталған жол учаскесіне екі жолақты бөлетін таңба сызып, жол белгілерін орнату қажеттігі жайлы ақпарат жіберілген.