Жол беруге міндеттімін бе?

595
көрілім

- Өткен аптада жаяу жүргіншілер жолағынан өткен кезде тәртіп сақшылары "Жедел жәрдем" көлігінің өтуіне кедергі келтірдің" деп жауапкершілікке тартты. Ол кезде жаяу жүргіншілер жолағына шықпас бұрын жан-жағымды бағдарлап, "Жедел жәрдем" көлігінің алыста келе жатқанын байқаған едім. Ол жақындап келгенше өтіп те кеткенмін. Сонда полиция қызметкерінің бұл әрекеті қаншалықты орынды?

Мәрия, Өскемен қаласы

Еліміздің Жол жүру ережелерінің жаяу жүргіншілердің міндеттері бөлімінде "Жарқылдайтын көк маягы бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті босатуы тиіс" делінген.