Жол сақшыларын видеоға түсіру заңмен қудалана ма? – министрдің жауабы

1101
көрілім

Жол полициясының қызметкерлерін камераға түсіру заңға қайшы емес. Бұл туралы бүгін есептік кездесуде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов айтты, деп xабарлайды Бұқара.кз сайты Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрінің xалықпен есептік кездесуінде қызылордалық тұрғын жол-патрульдік полициясының қызметкерлерін қызметтік міндетін атқару кезінде камераға түсірудің заңды-заңды еместігін сұрап, сауал қойған еді.

Азаматтық кодекс полицейлерге де қатысты, оған сәйкес егер адам өзінің суретінің басқа бір жерлерде таралуын қаламаса онда түсіруге тыйым салынады. Бұл заңмен қудаланады, бұл біріншіден. Екіншіден, егер полицей өз ісімен айналысып жүрсе, яғни оқиға орнын тексеріп, тергеу жүргізіп жүрсе, бұл жағдайда камераға түсіруге тыйым салынады. Бірақ жол полициясы қызметіне қатысты, біз қазір “Жол полициясы туралы” заңға мынадай толықтыру енгіздік. Яғни, сізді тоқтатып, xаттама толтырған жол полицейін түсіруге болады, бұл заңды, – деп жауап берді министр.

Фотосурет: ratel.kz