Жөндеу жұмыстарын маусымның 1-не дейін ақтауға талап қойдық – Жақсылық Омар

273
көрілім

Облыс орталығында өткен жиында қала әкімі жөндеуге, абаттандыруға қатысты жаңа талаптар енгізілетінін хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында да, көпшілікпен кездесуінде де күрделі һәм орташа жөндеу жұмыстары жайында ақпар бөлісетін әкім атқарылған тірліктерге жаңашылдықтармен бөлісті. Соның бірі мердігерлермен бірлескен жұмыс.

– Барлығына белгілі, қандай да бір жұмыс қолға алынса, қыркүйек, қазан айларына дейін жалғасып, созбалаңға түсетін. Мұның өзіндік кедергілері бар. Қара суықта жұмысшылар үлгермей, кешеуілдеп жататын. Бұған тұрғындар әркез реніштерін білдіріп келді. Белгілі бір уақытқа дейін бұл қалыпты тірлік саналды. Дегенмен алдағы уақытта өзгерістер енбек. Айталық, соңғы екі-үш жыл көлемінде мердігерлерді жөндеу жұмыстарын маусымның 1-не дейін аяқтауға талап қойып келеміз. Үлгермей жатқанның өзінде 1-шілдеге дейін созылады, – деді Жақсылық Мұқашұлы.

Жауапты тұлға кейбір күрделі шаруалардың тұрғындар ойын біліп барып жалғасатынын айтты. Мұны да жоспар орындау кезіндегі ұтымды әдіс деді.