Жұмыс берушілер МӘМС жүйесінен өз еркімен бас тарта ала ма?

538
көрілім

Жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен өз еркімен бас тарта ала ма? Егер бас тарта алса, ол үшін қайда жүгіну керек?

Ұлан ауданынан тұрақты оқырман

Бұл сауалыңызға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жауап берді:

– Жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарна төлеуге міндетті. Бұл заңмен бекітілген. Бұл жүйеден өз еркімен бас тарту мүмкіндігі жоқ, сол себепті жарна төлеуден бас тартқан жұмыс берушіге қатысты мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлері белгіленген тәртіп бойынша жұмыс атқарады. Бұл мәселе бойынша 1406 сенім телефонына хабарласқандар болды. Шағым бойынша қажетті шаралар атқарылып, мәселе шешілді.