Жұмыспен қамтылуда

43
көрілім

Катонқарағай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету қарқынды жүргізілуде.

2018 жылғы 11 қыркүйекте аудан әкімінің орынбасары Ринат Құрмамбаевтың төралығымен аудан әкімдігінде қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ әлеуметтік және өзге көмекті ұйымдастыру бойынша комиссия отырысы өтті.

"Есеп беру күні пробация қызметінде 65 адам есепте тұрды. Жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналастыру үшін 12 адам жолдамамен жіберілді, оның ішінде 2-і жұмысқа орналастырылды, қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына-4 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға-1 адам жіберілді, "Бастау Бизнес" жобасына сәйкес кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарын 1 адам аяқтады. Отырыс қорытындысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 2 жұмыссыз азаматтарды квота арқылы жұмысқа орналастыру бойынша шешім шығарылды", деп хабарланған аудан әкімінің ресми сайтында.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ