Жұмысын уақытша тоқтатады

363
көрілім

Облыстағы мемлекеттік шекарадан өткізетін пункттер уақытша жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.

"Бақты" өткізу пункті еліміздің Тәуелсіздік күнін атап өтуіне орай 16-17 желтоқсан күндері жұмыс істемейді.

- Мерекеге байланысты 16-17 желтоқсан күндері "Бақты" өткізу пунктінде тауарды, азаматтар мен көлік құралдарын мемлекеттік шекарадан өткізу шаралары жүргізілмейтін болады, - деп хабарлады ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті.

Ерлен ОСМАНОВ