Жүргізуші құқығынан айырылған Шемонаиха тұрғыны ішіп алып, мотоциклмен ауылды аралған

288
көрілім
Сурет ШҚО ПД

Қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға маусым айының соңында  болған. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданы Камышинка ауылының  26 жастағы жергілікті тұрғыны тізгіндеген мотоциклді тоқтатқан.

– Тексеру кезінде  жүргізушінің ащы суға тойып алғаны мәлім болды. Анықталғандай, ол өткен жылы да жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған. Ұсталғаннан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.