Жүйелі жоспар құрылмақ

301
көрілім

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай аудан басшыларына тиісті тапсырма берді.

ҚР Президенті өз мақаласында ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешу қажеттігі жайлы сөз қозғады. Елбасы «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығаруды ұсынып, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу керектігін айтты.

Облыс әкімдігінде өткен отырыс барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл мақаланың маңыздылығына ерекше тоқталды.

– Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тарихын өскелең ұрпаққа насихаттап қана қоймай, бүкіл әлемге таныту қажеттігін, өзіміздің тұғыры биік тұлғаларымызды ұмытпай, солар жайлы естеліктерді қайта жандандыру керектігін айтты. Осыған орай, барлық аудан әкімдері мақалада көтерілген бастамаларды жүзеге асыру үшін қандай жұмыстар атқаратындығын ойластыру керек, – деді Даниал Кенжетайұлы.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ